Атырау облысында коронавирус індеті келгелі бері 12 мыңға жуық нәресте өмірге келген. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 538-ге жоғары. 2020 жылдың 1 наурызынан бастап, облыста 11 794 ана босанған. Яғни, тәулік бойынша орташа есеппен 25 ана аяқ-қолын бауырына алды деген сөз.
Коронавирус пандемиясы кезінде облыстық перинаталдық орталық жанынан 30 кереуеттік, Атырау қалалық перзентхана жанынан 8 кереуеттік провизорлық стационар жасақталған еді. КВИ анықталған әйелдер аталған стационарларда босанды. Алайда олардың балаларының ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталған жоқ.