Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы салынған екпеден кейін 60-қа жуық адам көз жұмған. Үкімет соған қарамастан иммунизацияны тоқтатпау туралы шешім қабылдаған.
Денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өліміне вакцинаның себеп болғанын жоққа шығарып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, қайтыс болғандардың дені егде жастағы адамдар көрінеді. Министр халықты вакцинадан қорықпауға шақырып, өзі де екпе қабылдапты. Тегін вакцинация жыл соңына дейін жалғаспақ.
Оңтүстік Кореядағы 19 миллион халықтың 56 проценті екпе жасатқан. Ал Тэгу қаласының алдын алу шаралары жөніндегі басқарма басшысы Мин Пок Ки тұмауға қарсы вакцинаны тек денсаулығы жақсы адамдарға ғана алуды ұсынды.