Ақтауда былтыр қолданысқа берілген көпқабатты тұрғын үйде көгілдір отын жоқ. Газ құбыры бір жыл бұрын тартылғанымен, пәтерлерге әлі қосылмаған. Одан бері көп айдың жүзі өтсе де, мәселе әлі шешілмеді. Мердігерлер жыл соңына дейін газ қосылады дегенімен, уәде сол күйі орындалмай тұр.
Валя МАХУРИНА, зейнеткер
Осы пәтердің кілті қолыма тигенде қуанышымда шек болмады. Бірақ мердігер компания басшылығы 1 жылға жуық газ болмайды деп ескертті. Өйткені, бұл бес қабатты үйдің 70 пайызы тұрғындармен толуы керек деп айтты. Олай болмаған жағдайда газ берілмейді деді. Бұйырса, осы жылдың соңына дейін қосатын шығар. Ол үшін біз әкімдікке хат жолдауымыз қажет екен.
Тұрғындар электр пешін пайдалануға мәжбүр болғандықтан, энергия көзіне ақшаны екі есе төлейді.
Табиғи газ төңірегінде туындаған мәселеге байланысты әкімдік былай дейді:
Еркінбек ЖАУҚАН, Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы
Ақтау қаласы 3-ықшамауданындағы газ желілерін қайта құрылымдау бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Пайдаланушы мекемеге тапсыру барысында ҚазТрансГазАймақ тарпынан бірқатар кемшілік анықталған еді. Қазіргі таңда мердігер мекеме көрсетілген кемшіліктерге сәйкес, ретке келтіру жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай, газ қостыру жұмыстару қарастырылуда.
Кем-кетіктер түзетілсе, 100 пәтерлі үйге көгілдір отын жыл соңында беріледі. Ал оған дейін тұрғындардың күтуден басқа амалы жоқ.