Атыраулық 50 жастағы азаматтың үйінен марихуананы дайындайтын зертхана анықталды. Жатын бөлмеге орналастырылған шағын жылыжайда желдеткіш, жарық секілді қажеттіліктің бәрі бар болып шықты. Тексеріс барысында төрт ыдысқа отырғызылған көкнәр тәркіленді. Үй иесі оның бәрін өзі қолдану үшін өсіретінін айтқан. Шынында, азаматтың қан құрамында есірткінің бары анықталып отыр.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы
Қылмыстық кодекстің 300-бабы — «құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру»бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Үйінде есірткі өсірумен айналысқан «агрономның» өсімдіктің тұқымын қайдан алғаны және «өнімдерін» сатып, қылмыстық бизнеспен айналысты ма, жоқ па тергеу барысында анықталатын болады.