Жылыой ауданында жалпы орта білім беретін 20 мектеп бар. 2020–2021 оқу жылында 18 000-нан астам шәкірт білім алуда.
Оқу жылының басталғанына он күн өтті. Құлсарылық Жанар Сейітқалиева ұлдарын №15 С.Қарабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің кезекші сыныптарында оқытуға өтініш берген. Қазір балалар оқу орнына аяқтай барып, тәлім алуда.
Жанар СЕЙІТҚАЛИЕВА, ата-ана:
– Екі ұлым осы кезекші сыныптарға өзімнің өтінішім бойынша қабылданды. Сыныптар ережеге сәйкес дизенфекцияланды, яғни барлық ережелер қалыптастырылған. Мектепте санитарлық талаптар сақталған. Қазіргі пандемияға байланысты тезірек еліміз аман болып, оқушыларымыз бір бірімен қауышсын деп тілеймін.
Жалпы аудан бойынша бірінші және төртінші сынып аралығында 8 000-нан астам бала оқиды. Соның 6 мыңдайы онлайн түрде, ал қалған 2 120 оқушы кезекші класстарда білім алуда. Қашықтан оқитындар сабақтар үшін ұялы телефон байланысы мен теледидар арқылы жүрізілуде.
Айбарша ҚАҚПАНБАЕВА, Жылыой аудандық білім беру бөлімінің басшысы:
– Кезекші сыныптардағы балалардың оқуына барлық санитарлық жағдайлар толық сақталған. Мектептердің барлығы дизенфекциялық тоннельдермен, дизенфекциялық кілемшелермен,антисептиктермен,бір реттік пайдаланатын бетперделермен,сол сияқты санитайзерлермен, дене қызуын өлшейтін тепловизорлармен толықтай қамтылған.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға да қолдау көрсетілуде. Осындай 400 жанұяға жалпыға міндетті оқу қорынан үнемделген қаржыдан 40 мың теңгеден жіберілді. Одан бөлек, 1 300-ден астам оқушы киім-кешекпен қамтамасыз етілмек.