CaspianLife. 14 қазан. Атырау қаласының бұрынғы әкімі Шакир Кейкин мен оның орынбасары Мейіржан Мұқасовқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы адвокат Нұрлан Жолболовқа сілтеме жасап хабарлады.
Тергеу нәтижесінде олардың алаяқтық ісіне қатысы жоқ екені анықталған. Прокуратура да бұл шешімнің заңдылығын тексеріп, келіскен.
Ал іс бойынша қалған екі күдіктіге қатысты материалдар сотқа жолдауға дайындалып жатыр. Олардың бірі — «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС бас директорының орынбасары Бейбіт Мағзұмов.
Адвокаттың айтуынша, бұл іс бұрынғы әкім орынбасары Тілек Махуовқа қатысты пара алу күдігімен байланысты емес.

