CaspianLife, 23 қыркүйек. Бұл шешім бүгін жаңа органның алғашқы сессиясында қабылданды.
Қошановтың кандидатурасын Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Президент оның мемлекеттік қызмет пен парламенттегі көпжылдық еңбек тәжірибесіне сүйенді. Содан кейін алғашқы сессияға қатысушылар жасырын дауыс беру процедурасына көшті. Тоқаев жаңа органның міндеттері туралы ертең толығырақ айтатынын мәлімдеді.
Ерлан Қошанов 64 жаста. Ол Мәжілісті 2022 жылдың ақпанында, Қаңтар оқиғасынан кейін келіп басқарды. Оған дейін екі жылдан астам уақыт Президент Әкімшілігінің жетекшісі болды. Әр жылдары Қарағанды облысының әкімі, Премьер-министр Кеңсесінің басшысы, Көлік және коммуникация вице-министрі және Азаматтық авиация комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 2022 жылы «Amanat» партиясын басқарды.

