Армениялық автокөліктерді тіркеудің аяқталуына аз уақыт қалды. Бүгінде Атырау облысында 2600-ден астам жүргізуші сары нөмірлі болып үлгерген.
Ресми деректерге сүйенсек, өңірге барлығы 4000 автокөлік еніпті. Тұлпарын қыркүйектің біріне дейін тіркемегендер түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін. Оларға 28 мың теңге төлеу міндеттеліп, көлігі айыппұл тұрағына қойылады.
Гүлназира МҰХТАРОВА, ПД баспасөз хатшысы:
– Автокөліктерді тіркеу Атырау облысы бойынша облыс орталығы Атырау қаласының, Жылой ауданының орталығы Құлсары қаласының және Құрманғазы селосының мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуде. Сонымен қатар, полиция департаментінің полиция басқармасындағы call-орталыққа хабарласып тіркеу ережелерін білуге болады.