Жылыойлық кәсіпкерлер ақхалаттыларға көмек көрсетуде. Вирус жұқтырғандар алғаш тіркелген уақыттан бастап жергілікті әкімдіктің қолдауымен бизнесмендер қаржылай да, заттай да жәрдемдесіп келеді.
Бұл жолғы игі істі қос мекеме қолға алды. Осылайша аудандық емханаға түрлі медициналық және техникалық құрал-жабдықтар табысталды.
Сейітжан БАЛЖІГІТОВ, мекеме өкілі:
– Осы індетті жеңуге барымызша атсалысып жатырмыз. Бұған дейін де біраз демеушілік жасадық. Соның жалғасы ретінде тыныс алу аппараттары мен басқа да керекті құралдар әкелдік.
Жалпы, аудандағы эпидемиялық ахуал тұрақты. Бүгінге дейін коронавирус пен пневмонияға шалдыққан 1053 жылыойлықтың 1045-і сауығып шыққан. Аймақта дәрі-дәрмек қоры жасақталып, күні кеше ғана өкпе аурулары ауруханасы жанынан ашылған провизорлық стационар да науқастардың азаюына байланысты жабылды.