Caspianlife, 27 шілде. Сонымен қатар 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында көктемгі гидравликалық сынақ барысында анықталған ақауларды жою мақсатында ұзындығы 6,9 шақырым жылу және ыстық су желілерін ауыстыру жоспарланған. Бүгінде бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін ашық электронды конкурс жарияланды.
Биыл қысқы маусымға дайындалуы тиіс 1174 көпқабатты тұрғын үйдің 490-ы, яғни 49 пайызы толық дайын. Оның ішінде 1025 тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Ал жеке жылу қазандықтарынан жылу алатын 79 тұрғын үйдің дайындығы қызмет көрсетуші ұйымдардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілуде.
Бұдан бөлек, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның жылу қазандығы мен оған қарасты 14 тұрғын үйге дейінгі жылу құбырларында тексеру және жуып-шаю жұмыстары жоспарланған.
Сонымен қатар, қаладағы 11 жылу беру бекетіне келісімшарт негізінде қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде. Ал «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС теңгеріміндегі 13 жылу беру бекетінде қысқы кезеңге дайындық, жөндеу және сынақ жұмыстары жалғасуда.

