CaspianLife. 29 маусым. Қазақстан қос палаталы парламент дәуірін тәмамдады: Сенат өзінің қорытынды отырысын өткізді.
Қазақстанда Парламент Сенатының соңғы жалпы отырысы өтіп, оның 30 жылдық тарихы қорытындыланды. 1 шілдеден бастап, жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады. Тамыз айында жаңа бір палаталы Парламент — Құрылтайға сайлау өтеді.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрылтай құрамында жаңа есімдердің — болашағынан үміт күттіретін саясаткерлердің, жастардың, әйелдер мен өңірлер өкілдерінің көбірек пайда болатынына сенім білдірді. Өзінің алдағы жоспарлары туралы сұраққа спикер қысқа қайырды: Мемлекет басшысы жүктеген кез келген міндетті орындауға және кез келген салада жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Сенат аппаратының қызметкерлері жаңа Құрылтай мен Халық кеңесінің аппаратына ауысады, мамандардың жұмыс орындары сақталады. Сенат ғимаратын жаңа мемлекеттік құрылымдардың қажеттілігіне пайдалану жоспарлануда. Мандаттарынан айырылатын 50 сенатордың тағдырына қатысты пікір білдірген Әшімбаев: «Өмір бойы депутат болу керек деген ереже жоқ. Кейде уақытында кете білу, келуден де маңыздырақ», — деп атап өтті.
Үш онжылдық ішінде Сенатта 890-нан астам жалпы отырыс өткізіліп, 3,5 мыңнан астам заң қабылданды, оның 350-ден астамына депутаттардың өздері бастамашы болған.
Әселім ҚАЛКЕН, Астана
Сурет: senate.parlam.kz

