Қаладағы қозғалыс қайта қызды. Өйткені, қоғамдық көліктердің жұмысы жанданды. Дегенмен карантин талаптары жұмсартылғанмен, күшін толық жоймағанын еске салайық.
Егер жағдай тұрақтанса, 24-тамыздан бастап қала сыртына қатынайтын маршруттар да іске қосылады.
Бұрынғыдай көлік ішін лық толтыруға рұқсат жоқ. Әр соңғы аялдамада дезинфекция жұмыстары жасалады. Ал санитария талаптары жүргізушілерден ғана емес, жолаушылардан да талап етіледі.