Зерттеу қорытындылары бойынша, 2020 жылғы ІІ тоқсанда Маңғыстау облысындағы 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 320 400 адам болды. Былтыр дәл осы аралықта 321 300 адамға жеткен.
Жалпы халық санындағы жұмыс күшінің үлесі – 71,3% болып отыр. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың ІІ-тоқсанында 73,1%-ға толған.
Алғашқы екі тоқсанның нәтижесі бойынша, облыс экономикасында 304 100 адам жұмыспен қамтылды. Ал 2019 жылы 306 100 адам жұмысқа тұрған. Жалпы жұмыспен қамтылған халық ішінде жалдамалы жұмыскерлердің үлесі 95,2% болса, қалғаны жалданбай жұмыс істейтін қызметкерлерге тиесілі. Жалданбай жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы санынан жұмыспен қамтылғандардың үлесі 85,4% болды.
Жұмыссыз халықтың саны 16 400 адамға жетті. Олардың ішіндегі әйелдердің саны – 58,8%.
Облыстағы жұмыссыздық деңгейі – 5,1%. Ал 15–28 жастағы жұмыссыз жастар 3,5% болып отыр.