CaspianLife, 30 сәуір. ҚазТрансОйл АҚ Қазақстаннан тыс жерлерге экспортқа мұнай айдау қызметінің тарифін арттырады.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 29 сәуірдегі №27 бұйрыққа сәйкес, жаңа тариф ҚҚС-сыз 1000 км үшін 1 тоннаға 12 500 теңгені құрайды.
«Тариф өсімі 10,6% немесе 1 200 теңгені құрады. Жаңа тариф 2026 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді», — делінген хабарламада.