CaspianLife, 16 сәуір. FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстердің 2026 жылғы 29 тамызды қоса алғандағы мерзімге дейін тоқтатылғанын хабарлады.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, тоқтатылған рейстер жолаушыларына билеттердің толық құнын айыппұлсыз қайтару мүмкіндігі ұсынылады.
FlyArystan-ның ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы билет сатып алған жолаушылар қайтарымды онлайн түрде өз бетінше рәсімдей алады. Ал туристік агенттіктер мен басқа да сату арналары арқылы алынған билеттер бойынша сатып алынған жерге жүгіну ұсынылады.

