Caspianlife, 14 сәуір. Ақтауда 13-15 сәуір күндері футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжан құрамасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізуде. Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы сенімді ойын көрсетіп, қарсыласын 9:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Ұлттық құрама ойын барысында жоғары қарқын мен нәтижелі шабуылдар ұйымдастырып, жанкүйерлерге тартысты кездесу сыйлады.
Екі команда арасындағы екінші жолдастық кездесу 15 сәуір күні сағат 18:00-де Ақтаудағы «BS Arena» спорт кешенінде өтеді.
Айта кетейік, аталған матч «QazSport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

