CaspianLife, 26 наурыз. Кеше Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданына қарасты Қарауылтөбе ауылының тұрғындары далада ұшақ типтес ұшқышсыз ұшу аппаратын тапты.
Бұл туралы «Уральская неделя» Telegram-арнасы хабарлады. БҚО полиция департаментіне сілтеме жасай отырып, ұшқышсыз аппаратты тиісті қызметтер тексеріп жатқаны айтылған.
26 наурыздағы толықтыруға сәйкес, аталған ұшқышсыз ұшу аппаратының ұзындығы 4 м 10 см, ені 3 м 30 см екені белгілі болды. Ақтөбе қаласынан келген ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері аппаратты қарап шықты. Оның ирандық өндірістегі «Араш-2» маркалы ұшқышсыз аппарат екені анықталды.
«Жою үшін таңдалған орын қауіпсіз деп танылып, барлық мүдделі органдармен келісілді. Ұшқышсыз ұшу аппараты сол жерде жару арқылы жойылды», – делінген хабарламада.
Фото: «Уральская неделя» Telegram-арнасы

