CaspianLife, 14 қазан. Жуырда, 11 қазанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, шетелден халықаралық іздеуде жүрген елорда адвокаттар алқасының бұрынғы мүшесін Астанаға жеткізді.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған азамат аса ірі көлемде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген және 2023 жылдан бері тергеуден жасырынған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат тергеу изоляторында отыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.
📸Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі