Енді Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар дәріхана жағаламаса да болады. Өзінен коронавирус симптомдарын байқаған әр қазақстандық өзі тіркелген емханаға барса жетіп жатыр.
Егер сынама қорытындысы оң болып шықса, барлық қажетті дәрі-дәрмек тегін беріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі баспасөз мәслихатында айтты.
Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:
– Егер ауру белгілері болса, дереу өзіңіз тіркелген емханаңызға барыңыз. Коронавирустан емдейтін 5 түрлі дәрі-дәрмекті алып, үйден емделсіз. Парацетамол, Ибупрофен және үш түрлі антикоагулянт бар. Олар осы аптаның соңына дейін елдегі барлық емханаларға жеткізіледі. Олар тегін беріледі.
Ресми дерек бойынша, елде 99 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Ал 13 280 атыраулық пневмониямен ауырды. Індет 1 269 қазақстандықтың өмірін жалмады.