CaspianLife, 3 шілде. Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикор) Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство – «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі» құрылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің түсіндіруінше, осыған байланысты Комитет тарапынан бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық шаралар жүргізіліп жатыр.
«Құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлығына қатысты рәсімдер аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмысын жалғастырады», – делінген хабарламада.