Оқушыларды компьютермен қамту жұмыстары сыбайлас—жемқорлыққа қарсы топтың назарында болмақ.
Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында онлайн режимде оқитын балалары бар отбасыларға компьютер мен роутерлер алу жоспарланған еді. Бірақ білім бөлімі құрылғыларды сатып алуға конкурс жарияламас бұрын жемқорлыққа қарсы агенттік оларға қойылған бағаның тұрақтылығын бақылайды. Егерде бағаны өсіру фактісі байқалса, шара қолданылады.
Айдос МАМЫТ, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің АОД басшысының бірінші орынбасары:
– Егер компьютер бағасын көтерген фактілерді анықтайтын болсақ, алғашқы кезекте бұл кәсіпкерлерден тауар алмауға ұсыныс тастаймыз.
Алғашқы болып тексерістен Индер ауданының білім бөлімі өтеді. Мұндағы оқушылар үшін 90 миллион теңгеге 300 компьютер сатып алу жоспарланған.