CaspianLife, 15 қаңтар. 2024 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) 80 жылдық тарихында алғаш рет мұнай өңдеу көлемі рекордтық деңгейге жетіп, 5 млн 546 мың тоннаны құрады.
АМӨЗ баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорынның 2025 жылға арналған басты міндеті – зауыт жұмысының тиімділігін арттыру және ішкі нарықты жоғары сапалы мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету.
2024 жылғы АМӨЗ өндірістік көрсеткіштері:
- Автобензин – 1 645 925 тонна (жоспар 108%-ға орындалды);
- Дизель отыны – 1 658 447 тонна (жоспар 103%-ға орындалды);
- Авиаотын – 187 783 тонна (жоспар 132%-ға орындалды);
- Вакуумдық газойль – 257 522 тонна (жоспар 141%-ға орындалды);
- Сұйытылған мұнай газы – 213 196 тонна (жоспар 121%-ға орындалды);
- Бензол – 28 350 тонна;
- Параксилол – 107 617 тонна.
- Жарық мұнай өнімдерінің шығымы – 69,2% (жоспар 103%-ға орындалды);
- Өңдеу тереңдігі – 85,1% (жоспар 103%-ға орындалды).
2025 жылғы 14 қаңтардағы мәлімет бойынша өңдеу тереңдігі 90%-ға жетті.
Оқиғалар саны – 19 (2023 жылы – 186; 2024 жылмен салыстырғанда 9,8 есе көп).