CaspianLife, 6 қаңтар. ҚР Энергетика министрлігі ішкі нарық үшін сұйытылған мұнай газына қатысты шекті бағаны бекітті. Арнайы бұйрыққа сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейінгі аралықта сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағасы тоннасына 45 158 теңге болып белгіленді.
Бұл былтырғы екінші жартыжылдықтағы шекті бағамен сәйкес келіп тұр. Яғни, құны өзгеріссіз қалған.
Жалпы, бұған дейін салалық ведомства өкілдері сұйытылған газдың бағасын көтеру қажеттігін айтқан еді. Оған мұнай газы өндірісінің тиімсіздігі, тұтынушылардың артуы және көрші мемлекеттермен салыстырғандағы төменгі баға себеп боларын баяндаған. Алайда шекті мөлшер былтырғы бағамен қалып отыр.