Жаңаөзен қаласында «Өзенэнергосервис» мекемесінің 50 шақты жұмысшысы кеңсе алдына жиналып, басшылыққа талап қойып отыр. Олар компания басшысынан жұмыстан себепсіз қысқартуды тоқтатып, жалақыларын көтеруді ұсынуда.
Алайда жергілікті билік олардың бұл талаптары қисынсыз екендігін айтып, босқа байбалам салмауға шақырды. Жұмыстан қысқарту мәселесі енді тумайды деп те сендірді.
– Қала басшылығы кәсіпорын басшылығымен бірге оқиға болған жерде жұмысшылармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Ешкімнің қысқартылмайтынын сол жерде өздеріне айттық, – деді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Берік Ізғалиев.