CaspianLife, 2 қазан — Бүгін түнгі сағат 3:17-де Атырау қаласы Әбілхайыр хан даңғылы бойында орналасқан автосалондардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды CaspianLife.
Оқиға болған жерге жеткен өрт сөндіру бөлімшесі жалпы ауданы 1660 шаршы метр болатын ғимараттың төбе жабындысы жанып жатқанын анықтаған. Салдарынан төбе жабындысының 150 шаршы метр бөлігі өртеніп кетті.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД мамандары дереу жұмылдырылып, өрт 04:59-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Сонымен қатар, өрт кезінде автосалон ішінде тұрған жаңа 10 автокөлік пен қызметтік орг техникалар ғимараттан шығарылды.
Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаменті мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерден барлығы 42 адам мен 11 техника жұмылдырылды.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар!