CaspianLife, 6 қыркүйек — Биылғы жылдың көктемінде Атырау облысының мерзімді әскери қызметіне 650 жігіт шақырылған. Ал 5 қыркүйектен бастап өңірде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Науқан 31 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бифингте Атырау облысы қорғаныс істері департаментінің өкілдері Жасұлан Сатыбалдиев пен Жарас Жеңісов айтты.
Шақырту алғандардың алғашқы легі — 20 жігіт Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара әскерлерінде қызмет етеді. Биылғы күзде Атырау облысынан 700 азамат отан алдындағы борышын өтейді. Олар Қарулы Күштер қатарына, Ұлттық ұланға, ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) бөлімшелеріне жіберіледі. Әскерге шақырылған 700 азаматтың 250-і Шекара қызметіне аттанады.
Сондай-ақ, әскери борышын өтеген жастар жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей, тіпті грант бойынша да түсе алады.
Брифинг барысында Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері Атырау облысында әскерден кейін оралған сарбаздар мен сержанттар осы мүмкіндікті тиімді пайдаланғанып, сегіз адам грантқа түссе, 40-қа жуығы ҰБТ-дан өтпей түскенін айтты.