CaspianLife, 29 тамыз — Каспий теңізінде экскаваторды «карусельге» айналдырған жүргізушінің үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Caspian Life.
Әлеуметтік желіде экскаватормен теңізде серфинг ұйымдастырған жүргізушінің видеосы тарады. Полицейлер оның кім екендігін анықтап, ҚР ӘҚБтК «Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау» және «Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу» баптары бойынша хаттама жасақтады. Сондай-ақ, полицейлер 29 жастағы жүргізушімен профилактикалық әңгімелесуді де ұмытпапты.