CaspianLife, 24 наурыз — Ұлыстың ұлы күні – өнегесі мен ғибраты мол мереке. Ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алатын Наурыз мейрамын ұлығылау мақсатында Жылыой аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен ұстаздар наурыз тойын тойлады, деп хабарлайды CaspianLife.
№8 мектепте өткен іс-шра кезінде ән-күй мен би ғана емес, ұлттық дәстүрді дәріптейтін қойылым көрсетілді. Аудандағы 20 мектептің оқушылары шілдехана, бесік той мен тұсау кесер секілді салттардың мән-мағынасын жеке-жеке көрініс арқылы түсіндірді. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен ұстаздар дайындаған концерттік бағдарлама жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Ал ұрпақтарым біздің ұлтымыздың бар құндылығы осы наурыздан басталады. Қазір наурызда қатар отырған кезде біздің ұлттық құндылықтарымыздың бәрі қалыптасқан тек қана көріп қояуға болмайды, бұны талдау керек, үйрену керек, әрі қарай жалғастыру керек. Сол жалғастырсын деп жасап жатқан жайымыз бар. Ұлттық құндылықты еске алу, жалғастыру сіздердің міндеттеріңіз екенін айтқым келеді» — деді ардагер ұстаз Наурызбай Төлеуов.