CaspianLife, 28 сәуір — Колледж бен ЖОО-ға арналған қазақ тілінде әдебиет жеткіліксіз деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Мемлекеттік тілді жетілдіру мәселесі контентпен де байланысты. Әсіресе, колледж бен ЖОО-нда қазақ тілдегі әдебиеттер аз. Осыған байланысты білім туралы ұлттық жобада жоғарыда аталған мәселені бөлек қарастырып отырмыз. Мәселен, әлемдік деңгейдегі әдебиеттерді қазақ тіліне аударып, оқу барысында қолдану қажет. Бұл жұмысты тіл комитеті атқарады. Одан бөлек отандық ғалымдар колледждер мен ЖОО арналған оқулықтар жазып жатыр. Соның ішінде, темір-тесектің тілін қазақшалау аса маңызды», — дейді Асхат Аймағамбетов.
Одан бөлек министр балаларды кітапқа баулитын арнайы бағдарлама жүзеге асып жатқанын айтты. 2021 жылы мектеп кітапханалыран 2 млн-нан астам көркем әдебиет сатып алынған.
«Балалар мектеп кітапханасына бармайды деп жатады. Егер кітапханада замануи кітаптар болмаса, балаларды тарту қиын. Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға қатысты келесі мәселе – терминология. Терминдерге қатысты басты мақсат – бірізділіктің болуы. Сондықтан, қате аударма кезіндегі олқылықты жою қажет», — деді минстр.
Асхат Аймағамбетов бұл бағыт бойынша комитеттің жұмыс жасап жатқанын алға тартты.