CaspianLife, 21 сәуір — Жаңаөзен қаласында «Кезби» компаниясының 200-дей қызметкері жұмысын тағы тоқтатты. Жалақы мәселесін көтеріп, бірнеше рет ереуілге шыққан олар бұл жолы компания алдына шатыр тігіп, түнеп жатыр.
Олар «жалақыны көтереміз» деген басшылардың уәдеден танғанына ашулы. Мұнай ұңғымаларына бұрғылау жұмысын жүргізетін жұмысшылар серіктестік басшыларына айлықты 20 пайызға көтеру, 12 сағаттан артық жұмысқа қосымша ақы төленуі, «Өзенмұнайгаз» компаниясына ауыстыру секілді бірнеше талап қойды.
Ақпан айында «Өзенмұнайгаздың» сервистік компаниялары тоқтап тұрған кезде 20 пайыз оларға көтерсе, сіздерге де көтеріледі деген. Ол көтерілмей қалды. Одан кейін 12 сағат төленеді деді және 15 пайыз окладқа қосымша бригадаларға беріледі деп айтылды. Бірақ ол төленбей қалды. Тіпті мен шебер болып жасаймын. Табельді де 12 сағаттан жазғанбыз, — дейді компания қызметкері Есенжан Абдрахимов.
Сондай-ақ, жұмысшылар компаниядан тұрақты ұжымдық келісім-шарт жасалуын талап етеді. Өйткені, серіктестік әр жұмысшымен бір жылдық уақытша келісім жасайды.
Ауыр скважиндер, пресске келетін болсақ фонтан, май скважиндер барлығын КЕЗБИ мекемесі, яғни осы жігіттер жасап жатыр. Бұл мекеменің адамдары Өзенде екінші сорт адамдай болып қалды қазір. Мұнайшы емес, айлықтарын уақытылы мұнайшымен бірдей алмайды. Олардың жарты айлығын алып отыр қазіргі таңда. Бірдей жұмыс бірдей жалақы деп Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі айтқан. Айтқан ба жігіттер? Сол Президентімізді қолдап біз соны талап етеміз, — деді қызметкер Қайрат Қосмағанбетов.
Компания басшыларымен кездесу мүмкін болмады. Жиналысты сылтауратып, сұқбат беруге шықпады. Тек мемлекет тарапынан тапсырыстың болмауы секілді жалақыны көтере алмаймыз деп қысқа жауап қайтарды. Жұмысшылар болса мәселе шешілмейінше ереуілді тоқтатпаймыз деп отыр.