CaspianLife, 21 ақпан — Атырау полицейлері түнде көпірден секірмек болғанбойжеткенді құтқарды. Оқиға бүгін, 21 ақпанда болған.
«Жедел басқару орталығының қызметкерлері түнгі сағат 03:08 шамасында «Атырау» шағын ауданындағы көпір үстінде белігісіз әйел адамның көпірден секіргелі тұрғанын байқаған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, көпірден секірмек болған 23 жастағы бойжеткенді құтқарып қалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция аға лейтенанты Ерболат Мағзомовтың айтуынша, көпір үстінде тұрған адамды құтқару үшін шапшандық қажет болған.
«Жедел хабарды естігенде, көпірге тезірек жетуді ғана ойладық. Бойжеткен көпір үстінде тұр екен. Сәл кешіккенде секіріп кетуі мүмкін еді. Жедел қимылдап құтқаруға кірісу қажеттігін түсіндім», — дейді полиция аға лейтенанты Ерболат Мағзомов.