CaspianLife, 13 қаңтар — Атырау облысында және еліміздің тағы 13 облысында антитеррорлық қауіптің «қызыл» деңгейі алынып тасталды
Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында террористік қауіптің «қызыл» деңгейі алынып тасталды, делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі бір мегаполисте және еліміздің үш облысында сақталуда.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында терроризмге қарсы операция жалғасуда.