CaspianLife, 3 қаңтар — Ақтауда көліктерін безендірген жүргізушілерге айыппұл салынды, — деп хабарлайды Маңғыстау облысы ДПД баспасөз қызметі.
Патрульдік полиция қызметкерлері 30 желтоқсан күні сағат 20.00 шамасында қала көшелерінен Жыл мерекесіне орай безендірілген көліктерді ұстады.
Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабы 7-бөлігі (Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жабылды.