CaspianLife, 29 қараша – 3 қараша күні Атырау облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алтайская көшесінде 1977 жылы туылған азаматтың қала аумағында 100 дана трамадол және 63 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргендігін анықтады.
Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426 бабымен «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу» фактісі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің» Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды.