CaspianLife,10 қараша – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «ҚазТрансГаз» компаниясының 100% акциясын «Самұрық-Қазына» қорына өткізетінін хабарлады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 9 қарашада «ҚазТрансГаз» АҚ акцияларының 100 пайызын «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына беру туралы хабарлайды. Мәміле сомасы — 1 теңге», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 11 наурызда «ҚазМұнайГаз» бен «Самұрық-Қазына» қоры арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты да бұзылған.
Акцияларды беру 2020 жылғы 3 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін «Самұрық-Қазына» қорының басқару кеңесінің тапсырмаларын, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылғаны аталды.