CaspianLife, 26 қазан – «Таза Қазақстан» жобасының мақсаты атмосфералық ауаның ластануын азайту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, тұйық циклдегі экономиканы дамыту және тарихи ластануларды жою, елдің су объектілерінің экожүйелерін сақтау болып табылады.
Ластанудың жоғары деңгейі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметімен және электр станцияларында көмірді жағумен байланысты екені жасырын емес.
Осы проблеманы шешу үшін ауаның жоғары ластануы бар 10 қалада 5 жыл ішінде 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарындағы шығарындыларды 20%-ға қысқарту болжанып отыр. Мысалы, АрселорМиттал Теміртау шығарындыларды 54%-ға азайту бойынша міндеттемелер алды, — деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.
«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы 11 міндеттен тұрады, олар бойынша 19 көрсеткіш және 48 іс-шара айқындалған.