CaspianLife, 25 қазан – Атырау облысында қауіпті вирусты жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық төсек-орын 30 пайызға азайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, соңғы күндері коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны төмендегені байқалған. Мәселен, өткен тәулікте 24 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталған.
«Атырау облысында 15 қыркүйектен бері облыстық ауруханада, кардиоорталықта, екі жатақханада, теміржол ауруханасында орналасқан бес инфекциялық стационар жабылған еді. Кейін қазан айының басында фтизиопульмонологиялық орталық базасында жұмыс істейтін инфекциялық стационар жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты ауруханалардағы инфекциялық төсек-орындар саны 30%-ға, нақтысында 2 352-ден 730 орынға дейін қысқарды», делінген хабарламада.
Қазір модульдік ауруханада – 99, №2 облыстық ауруханада – 6, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 33 науқас ем қабылдау үшін оқшауланған. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 73 пациент жатыр.