CaspianLife, 15 қыркүйек — Бұл туралы кеше әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның отырысы барысында айтылды.
Комиссия отырысына қатысушылардың бірі мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров жыл басынан бері жұмыс тобы өңірдегі 3 744 кәсіпорында тексеріс жүргізгенін айтты. Қорытындысы бойынша 6 кәсіпорында 393 қызметкерге 100,8 млн.теңге көлемінде жалақы бойынша берешек анықталды. Қабылданған шаралармен жалақы бойынша берешек өтелді. Сонымен қатар, жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 163 тексеру жүргізіп, 239 заң бұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде жұмыс берушілерге 120 ұйғарым берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 131 іс қозғалды және 9,5 млн.теңге сомасына айыппұл салыныпты.