CaspianLife, 10 қыркүйек — Кенесары ханның бас сүйегі қай жерде орналасқандығы туралы ресми мәлімет жоқ, оның бар екендігі туралы гипотезаны ғылыми қауымдастық растаған жоқ. Дәлелдемелерді алған жағдайда мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Тарихи хабарды ресми түрде жариялаймыз деді.
Мәдениет министрлігі тарихи зерттеулер бағдарламасы аясында соңғы қазақ ханы сүйектерінің орналасқан жері туралы ақпаратқа ие ұйымдарға сұрау салулар жіберілгенін айтты. Мұрағат және журналистік зерттеулерде іздеу жұмыстары, сондай-ақ далалық экспедициялар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген.
«Бүгінгі күнге дейін қолда бар гипотезалар ғылыми қауымдастықпен расталмаған. Осыған байланысты тарихи тұлғаның сүйегін қайтару мәселесі комитеттің бақылауында екенін сіздердің назарларыңызға жеткіземіз. Өз кезегінде, Кенесары ханның сүйектерінің табылғандығы туралы ғылыми растама алған жағдайда, Комитет ол туралы ресми түрде хабарлайтын болады», – деді министрлікте.
Бұған дейін, 6 сәуірде, Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов өзінің Facebook-тегі парақшасында Ресейдің мамандандырылған сараптама комиссиясы Кенесары ханның бас сүйегін тапқанын, алайда кейінірек жарияланымды жойғанын айтқан болатын. 30 Маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путиннен артефакт іздеуге көмек сұрады, ол қазақ халқы үшін ханның сүйектерінің туған жеріне көмілуі маңызды екенін атап өтті. Ал тамыз айының соңында бірқатар БАҚ үш тәуелсіз дереккөзге сілтеме жасай отырып, Кенесары ханның бас сүйегі ресейлік Омбыда табылғанын хабарлады.