Маңғыстауда Мұнайлы және Қарақия аудандарындагы кейбір кәсіпорынның басшылары су тұщыту зауытына 400 млн. теңге қарыз. Қос ауданның шенеуніктері мемлекеттен бөлінген субсидия есебінен де есепшот бойынша төлеуге асықпай отырган көрінеді.
Ләйлә АЛИЕВА «Каспий ӘКК» Басқарма төрағасының м. а.
Бүгінгі қарыз екі мекеменің қарызы. Тікелей зауыттан су алып отырған екі мекеме, екі аудандағы. Ары қарай олар халыққа таратады ол суды. Енді мезгілінде халықтанда ақша жинау қиын шығар. Одан басқа жергілікті бюджеттен ақша бөлінеді. Сусидия. Уақытында субсидиясын алып отырса, зауыттың қарызы жабылады ғой.
Ләйлә Алиеваның айтуынша, мемлекеттен бөлінетін субсидия ауданның негізгі қарызының 70% жаба алар еді. Бірақ, кәсіпорын басшыларының немқұрайлылығынан қарызды азайту максатында кадам жасалмай отыр. Жалпы, Мұнайлы ауданында берешек сома 250 млн, ал Қарақия ауданының қарызы 150 миллион теңгеге жуықтаған.
Жалпы, өңір халқының 85% -ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал теңіз суын тазарту және тұщытумен айналысатын зауыт 300 мың халқы бар үш ауданды сумен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда кәсіпорын тәулігіне 20 мың текше метр су беріп отыр. Мұның өзі халыкка әрең жетеді. Әсіресе жазғы кезеңде кәсіпорындардың 70% — ы ауыз су тапшылығын тартады.