Халықты жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші онкүндігінде басталады. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар айтты. Атырауға сәуір айының алғашқы күндері 3600 доза вакцина әкелінеді деп жоспарлануда.
15 сәуірге дейін облыс тұрғындарына арналған тағы 14 мың доза Sputnik V вакцинасын әкелу жоспарланып отыр. Соған сәйкес, карантиндік шектеулерге қарамастан вакцинациялау пункттері демалыс күндері де жұмыс істейтін болады.
Жалпы, 1 ақпанда басталған егу жұмыстарының нәтижесінде, 3532 азамат «Спутник-Ви» вакцинасын салдырды. Оның ішінде 1500-ге жуық дәрігер, 500-дей полицей мен 42 мемлекеттік қызметкер вакцина қабылдаған. Бұлардың қатарына 1413 мұғалімді де қосыңыз.
Сондай-ақ, басқармадағылар егер стационарлардағы керуерттердің 70 проценті толған жағдайда, резервте 430 төсек тұрғандығын айтады. Және 400-ден астам медицина қызметкері де қосымша көмекке келмек.