Ресейлік ірі компанияның директорлар кеңесіне Иманғали Тасмағамбетов пен Кирилл Пузырковтың кандидатурасы ұсынылды
«КАМАЗ» ААҚ директорлар кеңесінің компания директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды ұсыну бойынша сырттай дауыс беру рәсімі аяқталды.
«КАМАЗ» ААҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне мәселелерді және компанияның директорлар кеңесі мен тексеру комиссиясының құрамына сайлауға үміткерлерді енгізу туралы акционерлердің ұсыныстары қабылданды.
«Сондай-ақ, директорлар кеңесінің құрамына сайлауға алғаш рет екі үміткер ұсынылды: «КАМАЗ» ААҚ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырков және Иманғали Тасмағамбетов», — деп жазылған сайтта.
Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. Бұл қызметте ол екі жыл тоғыз ай жемісті жұмыс істеді. 2019 жылдың 9 желтоқсанында ол зейнет жасына – 63 жасқа толды. Содан кейін 18 желтоқсанда Қазақстан президенті Тасмағамбетовті Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.
Кирилл Пузырьков – 2020 жылдың 6 қазанында кенеттен қайтыс болған «КАМАЗ» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі Александр Васильевтің ізбасары.
«КАМАЗ» ААҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 2021 жылдың 4 маусымында өткізу жоспарланған.
«КАМАЗ» компаниялар тобы – Ресейдегі ең ірі автомобиль корпорациясы.