Дүйсенбі, 15 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы жарияланды.
Атырау облысында өзгеріс болды – өңір «сары» аймақтан «жасылға» ауысты.
Қалған өңірлер түрлі түсті матрицада өз орнын сақтады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.
«Сары» аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.
Қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр.
Еске салсақ, өткен тәулікте, 14 наурызда, Қазақстанда 1011 адамнан коронавирус анықталды. Вирус жұқтырғандардың дені Алматы қаласында – 342 және Нұр-Сұлтанда – 147.
Атырау облысында 41 адам індетке шалдықты.