Атырау темір жол вокзалының ғимараты кеңейтілмекші. Қазіргі таңда нысанның сыйымдылығы 3000 адамды құрайды. Вокзал басшысының айтуынша, кеңейту жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл жердің сыйымдылығы екі есеге артпақ.
Сонымен қатар, Атырау – Құрманғазы бағытында жолаушылар пойызын қайта жүргізу де жоспарланып отыр екен. Егер ол жүзеге асса жолаушылардың саны көбейе түспек.
Бұл әзірге жоба ғана. Мамандардың айтуынша, автобекет ҚТЖ ұлттық компаниясының балансына алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Айта кететін жайт, қаладағы вокзал ғимаратынның салынғанына 50 жылға жуықтаған. Және оның бастапқы сыйымдылығы 500 адамға шақталған.