«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, Атырау облысының аумағында 27 қаңтар 20.00 сағаттан бастап 28 қаңтар сағат 20.00-ге дейін желдің екпіні 15-20 м/с. болуы күтілуде.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
– егерде сізкөшеде қатты желге тап болсаңыз, ғимараттар мен құрылыстарды паналау кажет.
– қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын тығылмаңыз, өйткені шифер және басқа да шатыр материалдары шатырлардан құлап кетуі мүмкін.
– жоғарғы қабаттың терезелерінен құлаған әйнек, сондай-ақ желмен жыртылған шатыр элементтері қауіпті болуы мүмкін.
-үзілген сымдарға жақындау қауіпті.
– сонымен қатар билбордтардан, маңдайшалардан, жол белгілерінен, электр желілерінен аулақ болуыңыз керек.
– үлкен ағаштардың жанында болу қауіпті, сондай-ақ олардың жанында жел соғып тұрған автокөліктерді қою өте қауіпті болуы мүмкін.
– үйлердің барлық терезелері мықтап жабылып, құлап кетуі мүмкін балкондар мен лоджиялардан аулақ болу керек.
– автокөлік құралдары мен шағын қайықтардың иелері тез өзгеретін ауа-райы жағдайларын да ескеруі керек.
«Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі»