Атырау, Caspian Life. Биыл Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарна құны өсті.
Енді жалдамалы жұмысшылардың жалақысынан екі пайыз, жұмыс берушінің жалақы қорынан да екі пайыз ұсталатын болады.
Ал жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары үшін еш өзгеріс жоқ. Олар бұрынғыша ең төменгі жалақының 5%-ы мөлшерінде төлем жасайды. Сондай-ақ, өзін-өзі қамтитын азаматтарға арналған бірыңғай жиынтық төлем 300 теңгеге өскен. Мұны қалалықтар бірайлық көрсеткішпен, ауылдағылар жарты айлық көрсеткішпен төлейді.
Сәбит ҚҰРАЛБЕК, «МӘМС» КЕАҚ АОФ директоры
Былайша айтқанда жалдамалы жұмысшылар үшін және бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үшін жарна көлемдері өсті деп айтуға болады. Qoldau 24/7, телеграм бот сияқты қосымша құрылғылар пайда болды. Осылар былтырғы жылдың екінші жартысында іске қосылып, қазіргі таңда толыққанды жұмыс істеп отыр.