Ауғанстан астанасында болған жарылыстан 10 адам қаза тауып, тағы 52-сі жарақат алған.
Бұл туралы TOLOnews агенттігі хабарлады. Жарылыс Кабулдағы алаңда болған. Алдын ала болжам бойынша террористер автокөлікпен келе жатқан парламент мүшесін өлтіруді көздеген. Қатты жарылыс әсерінен сол маңдағы автокөліктер мен үйлер қираған.
Әзірге аталған өңірдегі лаңкестік ұйымдардың ешқайсысы бұл жарылысты мойнына алған жоқ.