Маңғыстау облысында екі бала құдыққа құлап, батып кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Телеарна мәліметінше, оқиға 21 желтоқсанда Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылында жеке үйлердің бірінде болған. 6 және 11 жастағы екі бала қайғылы оқиға құрбаны болған. Балалар тереңдігі екі метр су құдығына құлап кеткен. Су деңгейі 1,8 метр болғаны хабарланып отыр.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.