Атырау облысында өткен тәулікте 58 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 13-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 30 жұмысшыдан, Жылыой-10, Құрманғазы ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 8-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 9 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 229 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 49
науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 6, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 229 адам ем қабылдауда.