Енді облыс тұрғындары автокөліктің мемлекеттік нөмірін қысқа мерзімде ала алады. Атап айтсақ, ақпараттық өндіріс орталығында алғаш рет мемлекеттік нөмірлерді шығаратын құрылғы іске қосылды. Енді темір тұлпар иелері алтын уақытын үш есе үнемдей алады. Жыл басынан бері өңірде көлікті тіркеу және нөмірді беру бойынша 80 мыңға жуық қызмет көрсетілген.
Индира ДҮСІПҚАЛИЕВА, Атырау қалалық мамандандырылған ХҚКО басшысы
Ақпараттық өндірістік орталығында биыл 29 қарашадан бастап, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін шығаратын аппарат іске қосылды. Қазіргі таңда мемлекеттік тіркеу нөмерлерінің белгілері өзіміздің Атырау өңірінен басылып шығып жатыр. Бұрын сонды мемлекеттік нөмірді 15 жұмыс күнде алатын болса, қазіргі уақытта 2-3 жұмыс күндерінде алынып жатыр.
Бұған дейін мемлекеттік нөмір елдің өзге өңірінде шығарылғандықтан ұзақ күтуге тура келетін. Енді жаңа құрылғының көмегімен бар жоғы 2-3 күн жұмсалмақ. Орталық қызметкерлерінің сөзінше, құрылғы күніне 500 дана нөмірді басып шығара алады.